ШҚО-да шахтада 4 адам уланып қалды
pixabay.com
Бүгін сағат 17.30-да "Востокцветмет" ЖШС шахтасында, алдын ала ақпарат бойынша, белгісіз затпен уланып, 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
- Тағы бір адам Глубокое ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Оқиға орнында "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС ШҚФ (13 адам және 3 бірлік), ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеуде.
Оқи отырыңыз