Қарағанды шахтасында жарылыс: 6 адам қаза тапты
Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
"Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды әкім Facebook-те.
ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Төтенше жағдайды жоюға "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 техника) күштері мен құралдары жұмылды.
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия бара жатыр.