KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Бес айлық сәби сырға жұтып қойды

22.04.2019, 11:06 203

Алматыда бес айлық сәби сырға жұтып қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Балақай 20 сәуір күні қалалық клиникалық жұқпалы аурулар емханасына жеткізілген болатын. Дәрігерлер әшекейдің өңешке тоқтап қалғанын анықтады.

– Дәл сол күні дәрігерлер эндоскопиялық жолмен сәбидің кеудесіндегі сырғаны алып тастады. Қазіргі уақытта жағдай қалыпты. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек – балақайды түрлі асқынулардан сақтап қалды, – дейді аталмыш аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Жұмагүл Ешібекова.

Иә, сәби дін аман. Ал мамандар:

– Ұсақ заттарды: монеталарды, түймелерді, түйреуіштерді, зергерлік әшекейлерді балалардың көз алдынан алып тастаңыздар. Бес жасқа дейінгі балаларда осындай жағдайлар жиі кездеседі, – деп өтініш білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив