KZ
Өскемен
-2°
плотный туман Штиль
478.96 533.03 5.22

ТЖД кинологтары оқу-жаттығу жиынына қатысты – ШҚО

Фото: gov.kz

24.04.2023, 11:12 249

ШҚО-да ТЖД кинологтарына арналған оқу-жаттығу жиыны өтті. Таулы аймақта өткен жаттығулар шеңберінде мамандар мен олардың төрт аяқты көмекшілері төтенше жағдайлар кезіндегі ережелерді пысықтады. 
Жиынға 8 кинолог және 13 ит қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Семинарды өткізудегі мақсат – иттердің іздестіру-құтқару қабілетін шыңдау және Төтенше жағдайлар қызметі кинологиясына жаңадан іріктелген иттерді баулу. Жаттығу бір апта бойы облыстың таулы аумағында өткізілуі де кездейсоқтық емес. Құтқарушы иттер көбінде дәл осындай жағдайда қызмет етеді. Мамандар құтқару бөлімшелерінің техногендік апаттар кезіндегі әрекетін пысықтап, иттерге үйінді астынан зардап шеккендерді іздеуді үйретті.
Жиынға 8 кинолог, 13 ит қатысқан. Семинарда нұсқаушы ретінде ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының және Павлодар облысы ТЖД-нің тәжірибесі мол кинолог-мамандары таңдалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив