KZ
Өскемен
+3°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Сапасыз өнім анықталды

Фото:foodcertificate.org

18.09.2024, 16:11 90 Айжанат Бақытқызы

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" өкілдері әлеуметтік жоба аясында  жасырын сатып алушы әдісімен Шығыс Қазақстан облысы дүкендерінің бірінен кофе мен шайға арналған,   салмағы 250 грамм  "Beta Caffito"  құрғақ кілегейін сатып алды. Шара ШҚО-да таралатын тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасы, сондай-ақ сатушылары (өндірушілері) жайында ақпараттарды алуда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сатып алынған өнім ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚСЭК) Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" филиалының аккредиттелген санитарлық-гигиеналық зертханасының тағам гигиенасы бөліміне өнімге кешенді зерттеу жүргізу үшін тапсырылды.

Өнімді Кедендік одақтың «Тағамдық өнімдердің таңбалануы бойынша қауіпсіздігі"  техникалық регламентіне сәйкестігіне зерттеу жүргізу кезінде төмендегідей бұзушылықтар анықталды: азық-түлік өнімдері партиясының нөмірі көрсетілмеген, таңбалау оңай оқылатын өлшемдерге сәйкес келмейді, яғни, жазуларды, белгілерін оқу мүмкін емес, олар қаптаманың түсіне контрастылы түспен жазылмаған, Кедендік одаққа мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі жоқ, мемлекеттік тілдегі ақпарат толық емес.


"Егер таңбалау анық емес әрі  шет тілінде көрсетілсе, мемлекеттік тілге аударылмаса, бұл тұтынушыларды жаңылыстырып, өнім олардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Шрифт пен фон арасындағы контрастылықтың жеткіліксіздігінен  немесе тым ұсақ шрифтпен жазудың кесірінен тұтынушы денсаулығы үшін маңызды ақпаратты оқи алмайды. Ал бұл да өз кезегінде тұтынушы құқығын бұзу болып табылады", - дейді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы.


Сондай-ақ, сарапшы таңбалау талаптарын сақтамаудың соңы ауыр зардаптарға әкелетінін де қосты. Тұтынушылар өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін байқамауы мүмкін, бұл улануға немесе денсаулыққа қатысты басқа да мәселелерді тудырары хақ. Өнімнің құрамы жайында нақты ақпараттың болмауынан, егер адам құрамында әлеуетті аллергендер бар екенін білмесе, аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, өнім туралы толық емес немесе сенімсіз ақпарат тұтынушының көңілінен шықпайтын немесе қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін өнімді сатып алуына жол ашады.

                                                                                                                                                   Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив