KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Сапасыз тауарларды сүзгіден өткізеді – ШҚО

шартты сурет

26.10.2023, 10:49 412 Оразай Жеңісұлы

Ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мәселе. Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттің бірі осы. Бұл істе азаматтық қоғам, қоғамдық институттар және тұтынушылар түгел белсенділік танытпай болмайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Осыған орай Сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» жария тұжырымдамасын іске қосуды ұсынып отыр. Дәл қазір қолданыстағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң қоғамдық бірлестіктерге:

- тауардың тұтынушылық қасиеттерін зерттеуге;

- тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық етуге;

- өнімнің сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін халыққа сауалнама жүргізуге;

- тауар сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге;

- тұтынушылардың мүддесі үшін сотқа талап қоюға;

- өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты таратуға мүмкіндік береді.

Осы ретте қоғам өкілдері тауар өткізу орындарына барған кезде фотоға түсіруге, аудио және бейнежазба жасауға құқылы.

«Сондықтан біз тұтынушылар мен қоғамдық институттарды өз құқықтарын айқын жариялауға шақырамыз. Бұл өркениетті нарықтық қарым-қатынастарды құрудағы басты, маңызды талапқа айналады», - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың  құқықықтарын қорғау департаменті.

Тұтынушылардың құқығын қорғауға мемлекеттік органдар ғана емес, бейінді үкіметтік емес институттар да мүдделі. Үкіметтік емес институттар моратори кезінде отандық нарықта сапасыз импорттық тауарлардың таралуына жол бермейтін бірден-бір қорғаушы екенін айта кетуіміз керек.

Қоғамдық бірлестіктердің қызметін тиімді ықпалдастыру үшін бейінді министрлік биыл Ахуалдық штаб құрды. Штаб құрамына мемлекеттік органдар, адал бизнес субъектілері және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері енген еді. Мамандар бірлесіп Республика көлемінде  импорттық өнімдердің 68 түрін зерттеді. Сонда 19 тауар түрі бойынша қауіпсіздік туралы норматив бұзылғаны анықталды. Дәлірек айтсақ, бұл өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, мәлім етілген сипаттамалар мен құрамға, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмейтін болып шықты. Соның нәтижесінде Министрлік тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 63 декларацияны алып тастады, сәйкестікті бағалау туралы 200-ден астам құжаттың күші жойылды.

Қазір облыс көлемінде тұтынушылардың өтініштері бойынша сапасыз тауарлар анықтау жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу