ШҚО-да 11 жастағы баланың өліміне қатысты денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді
Шартты сурет: qyzylqoga.kz
103 арнасына баланың демі тоқтап, есінен танып қалғаны туралы қоңырау 22 қазан күні сағат 12:12-де түскен.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақыртуға 6 минут ішінде жетті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жедел жәрдем бригадасы балаға шұғыл көмек көрсеткеннен кейін ата-анасымен бірге Ана мен бала орталығына жеткізді.
Орталықтың жансақтау бригадасы интубациямен жансақтау шараларын дереу бастап кетті. Жанама жүрек массажы жасалып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, дәрі-дәрмекпен ем-дом жүргізілді. Алайда қабылданған шаралар оң нәтиже бермеген. Сағат 14:05-те науқастың биологиялық өлімі анықталған екен.
Комиссия жұмысын жалғастырып жатыр.