БҰҰ Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қабылдауына қатысты пікір білдірді
Сурет: pexels
Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын заң қабылдағаны үшін Қазақстанға өз ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторидің пікірінше, жаңа заң «гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрін жою жолындағы маңызды қадамды білдіреді. Бұл заңнамалық шешім Қазақстанның адам құқықтарын сақтауға, әсіресе әйелдерді, балаларды және халықтың осал топтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бейілділігін көрсетеді».
Оның пікірінше, заңның қабылдануына кең ауқымды қоғамдық науқан болды, оның ішінде бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің жұбайын өлтіру оқиғасы да әсер етті.
БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізе отырып, Қазақстан мұндай әрекетке жол бермейтінін, ал кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылатынын меңзейді.
Сонымен қатар БҰҰ Қазақстанды тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарлауды, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлерін оқытуды, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа ұшараған адамдарды қолдау тетіктерін құруды, жалпы осы заңды тиімді енгізу және қолдану бойынша жұмсалатын күш-жігерді жалғастыруға шақырды.
Оның айтуынша, БҰҰ Қазақстанды гендерлік зорлық-зомбылықты жою және өзінің барлық азаматы үшін құрмет, теңдік және қадір-қасиет мәдениетін ілгерілетуге бағыттап жатқан күш-жігерін қолдауға дайын.