KZ
Өскемен
-42°
туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов: АЭС электр қуатының тапшылығын жояды

26.09.2024, 12:20 344 Айна Ескенқызы

Бүгін Өскеменде Сенат депутаттары Шәкәрім Бұқтығұтов пен Ольга Булавкина тұрғындармен кездесіп, АЭС салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Депутаттар аймақтарды аралап, жергілікті тұрғындардың пікірлерін тыңдап қайтқандарын айтты.

– Көптеген адамдарды АЭС құрылысы алаңдатуда. Әзірге АЭС салу орындары ретінде Балқаш көлі мен Курчатов қаласының маңы қарастырылып отыр, – деді Ш. Бұқтұғұтов.

Құрылыс аясында екі үлкен реактор салу жоспарланған, олардың қуаты – 2400 МВт. Жобаның жалпы құны 20-25 миллиард долларды құрайды. АЭС құрылысына алдын ала төрт шетелдік инвестор белгіленген: Қытай, Оңтүстік Корея, Франция және Ресей. Қайтарым мерзімі 10-12 жыл деп болжануда. Қайтарым кезеңі аяқталғаннан кейін АЭС толығымен Қазақстанға өтеді.

Бұл жобаның мақсаты – елдегі энергия тапшылығы мәселесін шешу.

Шәкәрім Бұқтұғұтов соңғы кездері Шемонаиха ауданы тұрғындарының электр қуатының жиі өшуіне шағымданып жүргендерін атап өтті.

Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу