KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

3008 зейнеткер «Уба» санаториінде ем алып, демалып қайтты

Фото: depositphotos.com

1.10.2024, 12:00 214 Жанаргүл Мұқатай

Өңірде жыл сайын Қарттар күніне орай қазан айынан қарашаға дейін «Мейірімділік айлығы» акциясы өткізіліп келе жатқаны қарттарға деген құрмет пен қамқорлықтың айғағы. «Мейірімділік айлығы» акциясы аясында биыл облыстағы 7411 қарт пен мүгедек жандарға демеушілер есебінен азық-түлік апарып беру, отын түсіріп беру сияқты түрлі көмектер  көрсетіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде облысымызда 139 443 зейнеткерлік жастағы жандар  тұрады.  Оларлың ішінде аймақтағы 3008 адамға (еңбек ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға, зейнеткерлерге) «Уба» санаториінде емделіп, демалуға тегін жолдама берілген.  
1-қазан қарттар күні, қарияларға ыстық ықыласқа толы алғысды білдіріп, қолдан келгенше шынайы қамқорлық көрсететін күн. Бұл ретте, мереке күндері облыс орталығында, аудандарда тұратын қарияларға қайырымдылық түскі асы беріліп, ардагерлерді, ұзақ жасап келе жатқан, ұрпақ тәрбиелеп, өсіріп отырған қарттарды облыс, аудан басшылығы үйлеріне арнайы құттықтап барып, сый-сияпаттарын тарту етпек. Аймақтағы әр еңбек ұжымында бұрын өздерінде жұмыс істеген, қызмет атқарған ардагер зейнеткерлерге арналып ақ дастархан жайылып, аға ұрпаққа жас буынның атынан құрмет көрсетілмек. Сонымен қатар облыста қарттарды тегін медициналық қараудан, скринингтерден өткізу шаралары жүргізіледі.
Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету - тәуелсіз мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Мемлекет қарттарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда.

- Қарттар күніне орай қазан айынан қарашаға дейін «Мейірімділік айлығы» акциясы өткізіледі. Аға буын бізге мейірімділік пен еңбекқорлықты, отбасы мен Отанға адалдықты үйретіп келеді. Бірақ, өкінішке орай, біз кейде егде жастағы адамдар үшін мемлекет тарапынан қолдау ғана емес, жай ғана көңіл бөлу маңызды екенін ұмытып кетеміз. Қоғамның қарттыққа сыйластықпен және құрметпен қарауын қалыптастыруға бағытталған мейірімділік акцияларын, айлықтарын өткізу оң нәтиже береді және жас ұрпақ егде жастағы адамдардың проблемаларына жиі назар аударады деп үміттенеміз, - дейді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан ұлтымыздың асыл қасиеті - үлкендерін, қарттарын құрметтеу. Өмірін, жастығын еңбекке, бала-шағасының болашағына, еліне арнаған ақ самайлы жандардың әр күнін мереке ете білейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу