KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Ашық есік күні онкоорталыққа 60-тан астам адам келді

instagram/onkocenter_vko
instagram/onkocenter_vko
7.10.2024, 17:00 137 Назерке Каримова

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында бас және мойын ісіктерін ерте диагностикалау және алдын алу бойынша дәрігерлер тегін қабылдау жүргізді, деп деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күні орталыққа 68 адам келді. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес алды.

Бас және мойын қатерлі ісігі - бұл әртүрлі аймақтарда дами алатын қатерлі ісіктер тобы: ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмей, мұрын, параназальды синус, қалқанша без, бас және мойын терісі.

ШҚО КОжХО-ның бас және мойын ісіктерінің хирург-онкологы, жоғары санатты дәрігер Жандос Мағзұмовтың айтуынша, мұндай ісіктердің жаңа жағдайлары жиі кездеседі, бірақ қарапайым ережелерді сақтай отырып, олардың ушығу қаупін едәуір азайтуға болады.

- Онкологиялық орталықта ай сайын өткізілетін осындай Ашық есік күндері қатерлі ісікті дер кезінде анықтап, алдын алуға септігін тигізеді, - дейді Жандос Мағзұмов.  


Әдетте Ашық есік күндері халыққа ыңғайлы болуы үшін демалыс күндері ұйымдастырылады. Онколог дәрігерлер тек тексеріп қана қоймай, дерттің алдын алу жолдарын да түсіндіреді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу