Онкологиялық орталықта 70-тен астам адам ашық есік күніне қатысты
Осы сенбіде, 13 шілдеде ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығында сүйектер мен жұмсақ тіндердің саркомасын ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтті. Облыс тұрғындары дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан білікті мамандардан кеңес ала алды.
Саркома-мутация нәтижесінде дәнекер тінінің жасушаларынан дамитын қатерлі ісіктердің гетерогенді тобы. Бұл ісіктер көбінесе агрессивті ағымға ие және қайталануға бейім. Сондықтан онкологтар денеде қандай да бір ісінуді байқағандардың барлығын дереу дәрігерге қаралуға шақырады.
Ашық есік күніне 70-тен астам адам келді. Онкологиялық орталықтың мамандары тексеру жүргізді, қажет болған жағдайда пункция алды, сондай-ақ одан әрі ұсыныстар берді.
Айта кетейік, ашық есік күндері ШҚО КОжХО-да ай сайын өткізіледі. Демалыс күндері онкологтар әр түрлі себептермен дәрігерге баруды кейінге қалдырған облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін жұмысқа шығады.