KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 1 м/с, СШ
523.54 546.47 4.99

Аяужан Әшімова: «Бізге озық технологияларды дамыту қажет»

7.10.2024, 15:30 157 Ержан Әбіш

2024 жылғы бүкілхалықтық референдум Қазақстанның энергетикалық болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары бұл процеске белсене қатысып, 72,58%-ы дауыс берген. Елде алғаш рет Атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қатысты сауал қоғамның кең талқылауына шығарылып, әр азаматтың пікірі ескерілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО азаматтық альянсының төрағасы Аяужан Әшімова референдумды өткізу процесін және оның маңыздылығын жоғары бағалап, былай деді:

«АЭС салу тақырыбында жан-жақты ақпарат жинап, ойлануға бір жыл уақытымыз болды. Осы уақытта сарапшыларды тыңдап, әлемдегі жағдайды зерттеп, бір шешімге келуге мүмкіндігіміз болды. Меніңше, көштен қалмай, дамыған елдер қатарында болу үшін бізге озық технологияларды дамыту қажет. Референдумды өткізу арқылы біз халықты шешім қабылдауға мүмкіндік беріп, таңдау жасап, жауапкершілік алуға тарттық».

ШҚО-дағы азаматтардың белсенділігі мен қоғамдық ұйымдардың пікірі елдің энергетикалық саясатына деген сенімнің жоғары екендігін көрсетеді.

Дауыс беру нәтижелері көрсеткендей, халықтың көпшілігі АЭС құрылысын қолдап, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам жасағанын айқындады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу