Ғалымдар адамның мәйітін тыңайтқышқа айналдырмақ
Америкалық ғалымдар өлген адамның денесінен органикалық тыңайтқыш қа айналдыруды көздеп отыр, дейді Altaynews тілшісі.
Мұндай органикалық тыңайтқыштарды компост деп атайды екен. Яғни, мәйіттің компостқа айналуы қоршаған ортаға өте пайдалы деседі ғалымдар. Мұндай тұжырымға олар алты мәйітпен жасалған тәжірибеден кейін келіп отыр.
Сонымен қатар, өлген адамдардың мәйіттері әлемде үлкен экологиялық мәселе тудыруы мүмкін екенін алға тартып отыр. Кейбір елдерде мәйітті бальзамдайды, ал оған түрлі улы химиялық заттар қолданады. Мәйітті өртеу, яғни кремация кезінде ауаға аса көп мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді екен.
Бұл тұжырым қарама-қайшылықтарға тап болғаны анық. Этикаға жатпайтын ұсыныс деп танылған тәжірибе ғылыми ортада әлі де талқыланатын көрінеді.