KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

ШҚО әкімі: “Салбурын фестивалін біз де барып көрейік, бұл - ортақ той”

11.10.2024, 14:15 187 Нұржан Кенжеұлы

Биылғы «Шығыс Салбурыны» бүркітшілер фестивалін абыроймен өткізуіміз керек. Бүгін облыстық мәслихат сессиясына қатысқан аймақ басшысы Ермек Көшербаев осылай деді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс әкімі бұл фестивальдің ұлттық өнерімізді насихаттаудағы және Шығыстың туристік тартымдылығын арттырудағы рөлі ерекше екенін атап айтты.

– Бұл – халқымызбен бірге көнеден жасап келе жатқан төл өнеріміз. Сондықтан оны сақтауға әрі дәріптеуге айрықша көңіл бөлуіміз керек. Болашақта «Шығыс Салбурыны» тек құсбегілерге ғана емес, барлығымызға ортақ тойға айналуға тиіс. Фестиваль аясындағы бүркітшілер сайысын төрт мыңнан астам адам барып тамашалайды деп жоспарлануда. Алдағы жылдары фестиваль ауқымын кеңейтіп, туристер санын еселеп арттыруға күш салуымыз қажет. Ертеңгі бәсекені біз де барып көрейік. Бала-шағамызды да ерте барайық. Себебі, бұл – біздің өңір үшін күнде бола бермейтін ерекше іс-шара, – деген облыс әкімі бұл іске үн қосып, барынша атсалысып жатқан барлық аудан-қала халқына алғысын айтты.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив