KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
509.51 570.6 6.3

Қытайлықтар құсбегілікке қызыға қарауда

12.10.2024, 13:10 6 497 Назерке Каримова

Қытайлық туристер “Шығыс салбурыны” фестиваліне арнайы келіп, бүркітшілер тойын тамашалауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Чэнь Хуасинь және оның зайыбы Чжан Гуйлян Шығыс Қазақтанмен бизнес саласында қарым-қатынасы бар жұп. Былтырғы фестиваль жайлы қызметтес достарынан естіп, биыл қазақ халқының бірегей салтын, құсбегілік пен аңшылықты тамашалауға арнайы ат басын бұрып келген екен.

- Біз өте жиі саяхаттаймыз. Шығыс Қазақстан тұмса табиғатымен баурап алды. Ас-тағамдары да ұнап жатыр. Ал құсбегілік пен итке аңға шығуды алғаш көруіміз. Ерекше көрініс. Фестивальда барлығы ойластырылған екен, қажеттінің бәрі табылады, ұйымдастыру жоғары деңгейде, - дейді Чэнь мырза.


 

Ажар Сағатпекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу