KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

«Құсбегілік» Федерациясының Президенті Берік Уәли: «Шығыс салбурыны» жоғары деңгейде ұйымдастырылған»

12.10.2024, 15:30 1 354 Назерке Каримова

Республикалық «Құсбегілік» Федерациясының Президенті Берік Уәли Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы жарысқа келді. Ол аңшы құстардың жарыс деңгейі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті, дейді Altainews.kz тілшісі.

- Аңшы құстардың сайысы жыл сайын жоғары деңгейде өтіп, баршаның қызығушылығын тудыруда. Бір ай бұрын бізде Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтті. Оған көптеген елдер қатысты. Сол кезде құсбегілік шетелдіктердің назарын аударды. «Шығыс салбурыны» - көшпенділер ойындарынан кейін болып жатқан алғашқы жарыс. Бес елден бүркітшілер келді. Ауа райына қарамастан, бес мыңға жуық адам осы көріністі тамашалауға жиналыпты. Біз фестивальді ұйымдастырғаны үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне, өңір басшысына алғыс айтамыз. Бүгін жарыс өтті. Алда марапаттау рәсімі тұр. Ел Президенті Көшпенділер ойындарын «Көшпенділер олимпиадасы» деп атады, шын мәнінде бұл олимпиадалық спорт өнері десек болады, - деді Берік Уәли.


Спикер шетелдік қонақтардың ұлттық мәдениет пен тарихқа деген қызығушылығын да атап өтті, себебі жарысқа қатысушылармен бірге басқа елдерден де туристер келеді.

 

 

Меруерт Бахтиярова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу