Күршім ауданының Құрметті азаматы Бақытхан Өлмесеков көпір құрылысы туралы ой бөлісті
Күршім ауданының Құрметті азаматы Бақытхан Өлмесеков Күршім көпірінің құрылысы туралы пікір білдіріп, бұл оқиғаның аудан халқы үшін тарихи маңызға ие екенін атап өтті.
«2019 жылы Күршім халқы Мемлекет басшысына көпір салу туралы тілегін жеткізген еді. Міне, 50 жылдан соң арманымыз орындалып, көпір құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл – ауданымыз үшін ерекше сәт, себебі көптен күткен мәселе шешімін тауып отыр», – деді ақсақал.
Оның айтуынша, көпірдің салынуы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартумен қатар, экономикалық дамуға да серпін бермек. Көпір құрылысы өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық жоба ретінде халықтың игілігіне қызмет ететініне сенім мол.
Оқи отырыңыз
Кәсіпкер Ляззат Құмарова Күршім көпірінің құрылысы туралы пікірМарқакөл ауданының тұрғыны Күршім көпірінің құрылысы туралы пікір білдірдіОсы күнді ұзақ күттік - Күршім халқы Төрт айда 98 метр. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы қалай болып жатыр?Бұқтырмадағы көпір құрылысы қашан аяқталады?