KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

ШҚО-да ертең күн жауын-шашынды

pixabay.com

Бүгін, 17:00 0 Назерке Каримова

"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 14 қазанда жаңбыр, қар жауады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Құтқарушылар мүмкіндігінше елді мекендерден кетпеуді ескертеді. Егер жол жүру қажет болса, көлікті қысқы кезеңге дайындау қажет. Өзіңізбен бірге күрек, жылы заттар, жанармай қорын, сүйрейтін арқан алыңыз.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалу қажет.

Дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасынан біліп отыруға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив