Бұқтырмада қаза тапқандардың рухына бағыштап, ас берді
Күршім халқы Бұқтырма су қоймасының арғы-бергі жағасына өтемін деп кезінде қаза тапқан жандардың рухына құран бағыштап, ас берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Республика күніне орай ұйымдастырылған айтулы шараға бес мыңнан астам халық жиналды. «Өлі разы болмай, тірі байымас» демекші, ұйымдастырылып отырған бүгінгі ас аудан жұртшылығының қаражаты есебінен өткізілді», - деді Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев.
Айта кетейік, көпірдің арғы-бергі жағалауында полиция бекеттері орнатылмақ. Мұндағы басты мақсат - халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және терроризмнің алдын алу.
Ажар Сағатбекова