KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Журналистер әскери сынақтан өтті

6.11.2024, 12:30 112 Гульжан Мусина

Журналистер қауымы әртүрлі әскери кедергілерден өтіп, шыдамдылықтарын шыңдады. Таулы жерде жүгіріп, бой қыздырды. Жеңіл-желпі жаттығудан кейін олар «Калашников» қаруынан нысанаға оқ атып, мергендіктерін байқап көрді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бір топ журналистер қаз-қатар тұрып, нысананы дәл көздеді. Нұсқаушының айтуынша, дәлдеп атуды қыздар қауымы ерлерге қарағанда тез меңгеріп алады екен. Бұл олардың командирдің айтқанын бұлжытпай орындауынан болса керек.

Әскери полигон аумағына автобуспен бет алған журналистерді орта жолда оқ жаудырған «тәртіп бұзушылар» тоқтатып, «тұтқынға» алды. Сөйтіп, таудың етегінде орналасқан нысанның ішінде құтқару тобы келгенше үш тілші қамауда отырды. Кейін олар командирдің бұйрығымен құтқарылды. Журналистер бұл сынақтан жақсы көрсеткішпен өтті. Осылайша, шығыстың бір топ журналистері әскери өмірдің қыр-сырымен танысып қайтты.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінің бастығы Асхат Жиенбаевтің ұйымдастыруымен өткен «Әскердегі бір күн» шарасынан кейін тілшілерге арнайы сертификаттар салтанатты түрде табысталды.


Ажар Сағатбекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу