KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Өскеменде үстел теннисінен республикалық турнир өтуде (видео)

12.11.2024, 12:00 83 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында үстел теннисінен республикалық турнир басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Турнирге елдің 16 облысынан 2007 жылға дейінгі туған жасөспірімдер қатысуда. Жарыс ұлдар, қыздар және топтық сайыстар бойынша өтеді.

- Республикалық турнир 3 күнге созылады. Бұл күндері жарыс төрешілері ойын шарттарының сақталуын, уақытты созу, бөгде сөздер қолданбау, қарсыласқа моральдық қысым көрсетпеу сынды тәртіптердің орындалуын қадағалайды, - деп мәлімдеді төреші Зырянбек Рахимов.

Үстел теннисі – Олимпиада ойындарына кіретін спорт түрі. Сондықтан ел намысын қорғай алатын білікті спортшыларды анықтау және дамыту маңызды.

– Мен Түркістан облысынан келдім. Үстел теннисімен айналысқаныма 5 жыл болды. Өзім республикалық турнирлердің чемпионымын, Азия ойындарына да қатыстым. Үстел теннисі күрес немесе бокс сияқты күшті емес, ойлау мен ептілікті талап етеді, – деді Түркістан құрамасының мүшесі Шахризат Шавкатова.

Турнирге әр облыстан бір құрама команда қатысуда. Шығыс Қазақстан облысы ұйымдастырушы ретінде екі команда шығару құқығын пайдаланып отыр.

Жарыста үздік шыққан спортшылар Катарда өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.


Ақерке Рағызбаева
Видео: Данияр Сағидолдин

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу