ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер үстел теннисінен сынға түсті
Фото: Altaynews.kz
2 шілде күні облыс орталығында Мемлекеттік қызметшілер күні мен Астана күніне орай үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен турнирге түрлі ведомстволардан 20-дан астам адам, яғни үш ерлер және бір әйелдер командасы қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Мемлекеттік қызметшілер арасында үнемі түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады, біз де оларға белсенді түрде қатысуға тырысамыз. Өзім бала кезімнен үстел теннисімен айналысамын. Бүгінгі шарадан да ерекше эмоциялар алып, басқа да әріптестерімізбен танысып, белсенді уақыт өткіздік, – дейді ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Құсымбаев.
Турнир соңында жеңімпаздар арнайы медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Оқи отырыңыз