Катонқарағай ауданындағы мектептер қысқы маусымға толық дайын
Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқанның айтуынша, барлық мектептер қысқы маусымға дайын екен.
Ауданда барлығы 36 білім ошағы бар. Оның 32-сі электр жүйесімен жылытылады. Көмірмен жылытылатын қалған төрт мектептің қазандықтары да сақадай-сай, көмірмен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Соңғы үш жыл ішінде ауданда барлық қазандықтар ауыстырылды. Бұл туралы аудан әкімі Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Өрел ауылындағы мектептің екі қазандығы ауыстырылып, көмір жеткізіліпті. Ал Ластаев орта мектебі орталық қазандықтан жылытылады екен. Үлкен Нарын орта мектебі мен Дамитов атындағы мектеп те көмірмен толық қамтылған.