KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, СШ
495.95 524.37 4.98

Өскемендегі мектеп есепшілері 120 млн теңге жымқырды

instagram/antikor.vko

Бүгін, 18:00 30 Назерке Каримова

Ж. Жабаев атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат гимназиясының екі бухгалтеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Олар 5 жыл бойы өз есепшоттарына заңсыз жолмен ақша аударып жүрген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Ж. Жабаев атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат гимназиясының екі бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс тергеуде, - деп мәдімдеді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі. - Олар алдын ала сөз байласу арқылы қылмыстық топ құрамында 5 жыл бойы өз есепшоттарына жалақыны асырып және басқа да төлемдерді аудару жолымен 120 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

- Жымқыру тәуекелдерін барынша азайту мақсатында барлық өңірлерде бірыңғай бухгалтерлік есеп жүйесі енгізілді, бұл жоғары жалақы мен "өлі жандарды" есептей отырып, алаяқтықты уақтылы тоқтатуға, жалған деректердің енгізілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. - Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отырады. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексеріледі. Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық департаменттері ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жалақыны негізсіз аудару тұрғысынан төлемдерді камералдық бақылауды жүзеге асырады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу