KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
495.95 524.37 4.98

Шыршаларды заңсыз кескен азамат айыппұл төлейтін болды

vsegda-pomnim.com

Бүгін, 10:30 32 Гульжан Мусина

Катонқарағай аудандық сотында  Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде шыршаларды заңсыз кесіп, мемлекетке зиян келтірген азаматқа қатысты іс қаралды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабының 3-тармағы бойынша (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда  ағаштарды заңсыз кесу) айып тағылды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Облыстық соттың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Катонқарағай ауданының тұрғыны  2024 жылғы 20 қазанда Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде шыршаларды заңсыз кесіп, мемлекетке зиян келтірген.  Ол парктің ерекше қорғалатын табиғи аумақ екеніне қарамастан, осындай бұзықтыққа барған. 

«Сот отырысында К. кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен К.кінәлі деп танылып, оған 387 660 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды, кесілген ағаш пен қол арасы тәркіленді. Сондай-ақ. К. - дан мемлекет кірісіне 14 177 теңге мөлшерінде залал сомасы өндірілді. Қаулы заңды күшіне енді» делінген ақпаратта.

Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу