KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Ескі үлгідегі 5 мың теңгелік банкнотаны пайдалану мерзімі ұзартылды

ҚР Ұлттық банкі

Бүгін, 13:00 29 Назерке Каримова

Ұлттық Банк номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңін ұзартады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың (бұдан әрі – ескі үлгідегі банкноталар) және 2023 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың (бұдан әрі – жаңа үлгідегі банкноталар) айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартылды, - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Банкі. - Айналымда қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен "Қазпоштада" 3 жыл ішінде, ал ҚҰБ филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайды.


Айналымда қатар жүру кезеңінде жаңа үлгідегі және ескі үлгідегі банкноталар заңды төлем құралы болып қалатынын, төлемдер мен аударымдар жасала беретінін, банк шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың атаулы құны сақталатынын және қабылдауға жатады. Ол банкноталардың барлығы ҚҰБ филиалдарында, Қазпоштада және еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен Қазақстандағы бейрезидент банктердің филиалдарында еш шектеусіз айырбасталады және ауыстырылады.

Заңды төлем құралы саналатын банкноталар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын еске саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу