Астанада екі қабатты үй өртеніп, 4 бала қайтыс болды
ҚР ТЖМ
Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт болып, кәмелеттік жасқа толмаған 4 бала қайтыс болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Астана қалалық ТЖД мәліметінше, балалар 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жетіп, 500 ш.м. аумақ оқшауланып, өрт толығымен сөндірілді.
Өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде.
Оқи отырыңыз