Қазақстанда балалардың көзін лазермен емдей бастайды
pexels
Балалардың витреоретиналды патологиясы бұған дейін шетелде ғана емделетін. Енді емді қазақстандық дәрігерлер де жүргізе алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, витреоретиналды хирургия жоғары технологияны қажет ететін торлы қабық пен шыны тәрізді дененің ауруларына арналған операцияларды қамтиды. Бұл бағыт бүкіл әлемде белсенді дамып келеді.
Бұрын мұндай патологиясы бар балалар квота бойынша шетелге жіберілетін. Енді олар Алматыда қажетті көмек ала алады. Соңғы жылдары Қазақстанда балаларда торлы қабық пен шыны тәрізді дене патологиясы жағдайларының өсуі байқалады.
AYALA қорының президенті Айдана Сүлейменованың айтуынша, осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 57 қазақстандық бала витреоретиналдық операциялар үшін шетелге шығуға мәжбүр болған. Жаңа жабдықтың арқасында ата-аналар бұдан былай шетелдегі операцияларға қаражат іздемейді.