Доллар бағасы шарықтап барады
kaz.tgstat.com
Доллар бағамы өсуде. Еліміздің айырбастау пункттерінде бір АҚШ долларының бағасы шарықтап, 492 ден 515 теңгеге дейін сатылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Cityinfo.kz. порталының мәліметтеріне сүйенсек, Өскемен қаласында бір АҚШ доллары 492 сатып алынып, 515 теңгеге сатылып жатыр. Бұған дейін Алматының айырбастау пункттерінде бір АҚШ доллары 500 теңгеден сатылып жатқаны хабарланған.
- Доллар бағамы өсуде. Алматының айырбастау пункттерінде доллар 495-499 теңгеден, ал Астанада 494-499 теңгеден сатып алынады/сатылады, - деп жазады Курсив порталы.
Айна Ескенқызы
Оқи отырыңыз