Облыс орталығында бес «SOS Дабыл батырмасы» орнатылды
Ішкі істер министрлігінің «Дабыл батырмасы» құқықбұзушылықтар жиі орын алатын жерлерде қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Аталған құрылғы тұрғындарға төтенше жағдайларда полициямен тез байланысуға және дабыл сигналын жіберуге мүмкіндік береді. Облыс орталығында осындай бес «SOS Дабыл батырмасы» орнатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда Өскеменде қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бес «SOS Дабыл батырмасы» орнатылған:
1. Қабанбай Батыр көшесі («Зангар», «Ануар», «Евразия», «Котон» СҮ ауданында);
2. Теміржолшылар көшесі (теміржол вокзалы «Защита» ауданында);
3. Заречный базары мен Абай даңғылы қиылысы (орталық «Автовокзал», «Темирлан», «Даниэль», «Технодом» СҮ, «Заречный» базары, «Встреча» кафе ауданында);
4. Виноградов көшесі мен Грузинская көшесі қиылысы ( «Ивушка», «Дос-Нар» базары, «City центр» супермаркеті, «Сибинка» кафе ауданында);
5. Н. Назарбаев даңғылы (Металлургтер мәдениет үйі, Металлургтер паркі ауданында).
Айна Ескенқызы