Толеранттылық – бейбітшілікке апарар жол
Халықаралық толеранттылық күні аясында Шемонаиха ауданының Камышинка ауылында ерекше іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл күні ауылдық мәдениет үйінде «Толеранттылық – бейбітшілікке апарар жол» тақырыбындағы диалог-әңгіме өтіп, оған жергілікті мектеп оқушылары қатысты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінен хабарлағандай, іс-шараның негізгі мақсаты балаларды толеранттылық ұғымымен жақынырақ таныстырып, оның қоғамдағы мән-мағынасы қаншалықты зор екенін түсіндіру болыпты.
– Толеранттылық, мейірімділік, жанашырлық, кешірімшіл болу, міне осындай асыл қасиеттер адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, қоғамды алға бастырады. Бүгінгі іс-шарада балақайларға толеранттылықтың маңыздылығын барынша түсіндіруге тырыстық. Өйткені, басқа адамдардың проблемаларына бейжай қарамайтын және бір-біріне қамқорлық көрсете білетін қоғам ғана шын мәнісінде мықты болады, – дейді іс-шараның басы-қасында жүргендер.
Нұржан Кенжеұлы
Оқи отырыңыз