Ауыл шаруашылығының қызметкерлеріне құрмет көрсетті - Шемонаиха
Шемонаихада ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл күні жыл бойына еңбекпен табылған жемістің қорытындысы шығарылып, сала мамандарының жұмыстары лайықты бағасын алып жатады. Олардың мерейлері тасып, еңбекке деген ынтасы артып, құлшыныс көбейеді, әрі өзгелерге үлгі болады. Бұл жолы да дәл солай болды.
Шемонаиха аудандық ішкі саясат бөлімінен хабарлағандай, ерекше форматта өткен жиын барысында сала мамандары түрлі конкурстарға қатысып, ән айтып, би биледі. Осылайша, кәсіби мерекелерін ұмытылмастай етіп өткізді.
Дәлірек айтсақ, ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнін мерекелеу аясында жергілікті Мәдениет үйінде сала өкілдері, олардың отбасылары, сондай-ақ басқа да тұрғындардың басын қосқан керемет кеш өтті. Мерекелік рәуіште өткен іс-шара барысында жиналған көрермен қауым назарына жергілікті өнер ұжымдарының концерті ұсынылды. Бұған қоса кеш қонақтары арасында түрлі конкурстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Мерекелік кеш соңы көңілді дискотекаға ұласты.
Нұржан Кенжеұлы