Күршім ауданында екі балықшы суға кетті
azattyq-ruhy.kz
Күршім ауданында балық аулап жүрген екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Бұқтырма су қоймасындағы Торанғы шығанағында болған. 31 және 38 жастағы екі ер адам балық аулап жүргенде қайықпен аударылып қалып, суға батып кеткен.
Осы ретте, құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Қайықта болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешелерін кию керек.
Еске салсақ, қыркүйек айында Шығыс Қазақстанда жағаға жете алмай қалған 4 балықшы құтқарылғаны хабарланған болатын.
Нұржан Кенжеұлы