«BarS-Arena» - болашақ футболшыларға жаңа алаң
Фото: pexels.com
Өскеменде аяқдопқа айрықша икемі бар балаларға арналған «BarS-Arena» спорт кешені жұмыс істеп тұр. Бүгінде мұнда 450 бала жаттығады. Оның ішінде ерекше балалар да бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталмыш спорт кешені 2022 жылы ашылған. Онда 3-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер жаттығады.
Бүгінде бұл орталықта 13 жаттықтырушы еңбек етеді. Мұнда болашақ футболшылар үшін барлық жағдай жасалған.
Спорттық паркет төселген футбол алаңын салу мақсатында кәсіпкер банк арқылы несие алған. Ал «Даму» қоры оған несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы қолдау көрсеткен екен.
Нәзікжанды болса да, Эльвира Тұяққызы алдағы уақытта басқа да спорт түрлерін дамытуды жоспарлап отырғанын алға тартты.
Ажар Сағатбекова