KZ
Өскемен
-4°
туман жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Туристерді тартқымыз келсе, маса-шіркеймен күрес те өзекті іс - ШҚО әкімі 

Бүгін, 11:41 97 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде өтіп жатқан отырыста аймақ басшысы Ермек Көшербаев Марқакөл ауданы, Қалжыр ауылында жыл сайын туындайтын маса-шіркей мәселесін шешуді аудан басшылығына тапсырды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

- Туристік аймақ болуды көздеп отырсыздар. Ол үшін ең алдымен, маса-шіркей мәселесінің шешімін табу керек. Әйтпесе, кейін туристер Марқакөлге жабайы табиғатты ғана көруге келетін болады. Арнайы құрылғылар алып, маса-шіркейді азайту үшін ауылдың шетіне болсын орнату керек, - деді Ермек Көшербаев.

Өз кезегінде аудан басшысы Рүстембек Кемешев маса-шіркеймен күресте тиісті жұмыстар атқарылатынын, алайда нәтижесі көңіл көншітпейтінін атап өтті. 

- Қытай еліне жақын орналасқан соң бұл мәселе бізде уақытша болады. Себебі маса-шіркейді улау жұмыстарын көршілес мемлекет тоқтатып тастаған. Ал біздің тарап жалғыз күресіп отыр. Егер қос мемлекет бірге күрессе, нәтижелі болар еді, - деді Рүстембек Кемешев.


Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу