Марқакөлде масаларды улау жұмысы жүргізіліп жатыр
Осыған дейін Марқакөл ауданындағы жұртқа маса мен шіркей маза бермей тұрғанын жазған болатынбыз. Тұрғындардың шағымынан кейін жауапты мердігер келіп тағы бір мәрте масаларды улау жұмысын жүргізген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әсіресе масасы мен шіркейі көп Боран ауылында зиянкестерді улау жұмысы көктемде де жүргізілген екен. Көктемде 5 мың гектар жерді қолмен және дронмен улаған.
– Боран ауылының ішін қолмен улап шықса, ауыл маңына дронмен улау жұмыстарын жүргізді. Осы көктемде 5 мың гектар аумаққа улау жұмыстарын жүргізген болатын. Енді жауапты мердігер Марқакөл ауылында улау жұмыстарын жүргізетінін айтты, – дейді Марқакөл ауданы әкімнің міндетін атқарушы Рүстембек Кемешов.
Оқи отырыңыз