KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 4 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Полицейге екі мың ұсынған жүргізуші 250 мың теңге төлейтін болды – Өскемен

14.01.2020, 06:15 230

Полиция қызметкеріне 2000 теңге пара ұсынған жүргізуші 250 мың теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Камаз жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, 595 баптың 1-бөлігі бойынша айыпты болған. Осыдан кейін көлікті тоқтатқан полиция қызметкеріне пара ретінде 2000 теңге ұсынған. Тәртіп сақшысы бірден тиісті орынға хабар берген. Аталмыш фактіні бейнетіркегіш жазып алған.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары айыпты азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 676 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ол бойынша жүргізуші 200 АЕК мөлшерінде айыппұл, яғни 252 500 теңге төлейді.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілерін қабылдайтын 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив