Парламент Мәжілісінің депутаты спортшылармен кездесті (видео)
Облыс орталығындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Жекпе-жек сарайында боксшылар мен таэквондошылар бір залда жаттығуға мәжбүр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаев жас спортшылармен және бапкерлерімен кездесіп, оларды толғандыратын мәселелерді сұрап-білді. Айта кетейік, бүгінде Жекпе-жек сарайында бірнеше спорт түрі бойынша секциялар жұмыс істейді. Олардың арасында таэквондо мен бокс секциялары да бар. Және аталмыш екі секцияның да тәрбиеленушілері бір залда жаттығуға мәжбүр. Бұл жөнінде халық қалаулысымен кездескен бапкерлер де, спортшылар да бүкпесіз айтты.
Мәселен, таэквондо секциясының аға жаттықтырушы Николай Жарков мұнда шамамен 100-ден астам спортшы жаттығатынын мәлім етті. Бұл таэквондомен шұғылданатындар ғана. Дәл осы залда 80-ге жуық боксшы да жаттығатынын ескерсек, онда бұл жерде бір мезетте 200-дей спортшы мен бапкер алдағы жарыстарға дайындықтарын пысықтайды деген сөз. Бұл – дұрыс емес. Мұны спортышармен және олардың жаттықтырушыларымен кездескен Ержан Бейсенбаев та айтты.
Нұржан Кенжеұлы
Фото: Аяужан Утеулинова
Видео: Даниил Суворов