KZ
Өскемен
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Алтай ауданында жасөспірімдер қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Фото: Алтай ауданы әкімдігінен
Фото: Алтай ауданы әкімдігінен
Бүгін, 13:00 51 Төлеуғазы Жансая

Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың ведомствоаралық отырысы өтті. Кеңеске аудан прокуроры Е.Е. Рыспаев, аудан ІІБ басшысының міндетін атқарушы Д.М. Ерімбесов, аудан бойынша әскери комиссариат бастығы А.М. Сетімов, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Л.М. Жұмақанова, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия мүшелері, ішкі істер органдары, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының және интернаттық мекемелердің директорлары қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.  

Кездесуде жасөспірімдер арасындағы буллинг, өзіне-өзі қол жұмсау, қорқытып алу сияқты қылмыстардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен жыныстық тиіспеушілікті қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Алтай ауданы әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрайымы Ж.А. Аскарова 2024 жылғы комиссияның жұмысын қорытындылап, 24 отырыста 136 дербес істің қаралғанын атап өтті. Оның айтуынша, қылмыстардың азаю үрдісі байқалады және қылмыстардың өсуіне жол берілмеген.

Отырыс барысында қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс істеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Ауданда бұл бағытта тиімді шаралар жүзеге асырылып, 16 ата-ана жұмысқа орналастырылып, 4 кәмелетке толмағанның құжаттары қалпына келтірілді, 12 отбасына материалдық көмек көрсетілді.

Аудан прокуроры Е.Е. Рыспаев 2025 жылға арналған жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу және тұрмысы нашар отбасылармен жұмыс бойынша міндеттер қойды. Алтай ауданының ІІБ басшысының міндетін атқарушы Д.М. Ерімбесов профилактикалық есепке қойылған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, ұстау және оқыту бойынша мәлімет берді. Әскери комиссариат бастығы А.М. Сетімовке әскери-патриоттық тәрбиені арттыру бойынша жұмысты жүйелеу ұсынылды.

Отырыс соңында аудан әкімі Ренат Құрмамбаев барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар оң нәтиже беретініне сенім білдіріп, проблемалық мәселелерді шешу үшін тапсырмалар берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу