ШҚО-да 116 құқық кабинеті ашылды
Ағымдағы жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысынан шалғайда жатқан 116 елді мекенде құқық кабинеттері ашылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Фарида Слямова мәлім етті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Өткен жылы «Құқық кабинеті» жобасы қолға алынды. Мұндағы басты мақсат – ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, – деді Фарида Слямова.
Облыстағы елді мекендерде ашылған құқық кабинеттері мектептерде, мәдениет үйлерінде, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орналасқанын айта кету керек.
Ажар Мұратқызы
Фото: Нелли Петенева
Оқи отырыңыз