20 жыл көлеңкеде қалған 28-ші ықшам аудан мәселесі назарда - Өскемен
Бүгін 28 шағын ауданның тұрғындары жиналып, қала басшысы Алмат Ақышовпен кездесті. Олар өздерінің талап-тілектерін жеткізіп, электр энергиясы мәселесі 20 жылдан бері шешілмей келе жатқанын атап өтті.
Қала әкімі Алмат Ақышов ұзақ жылдар бойы жиналған бұл мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жоспары дайындалып жатқанын айтты.
Қала әкімі тұрғындарды сабырға шақырып, 28 шағын ауданның белсенділер тобын әкімдікке конструктивті диалог жүргізу үшін шақырды.Сонымен қатар, осы ауданның барлық тұрғындарымен алдағы жұмада кездесу өткізілетінін хабарлады.
Айта кетейік, өткен сенбіде 19, 20 және 21 шағын аудандардың тұрғындарымен кездесу барысында да электр энергиясының тапшылығы өзекті мәселе ретінде көтерілген болатын.