KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
510.49 527.29 5.27

ШҚО-да қатерлі ісікке қарсы Ашық есік күніне жүздеген адам қатысты

Кеше, 17:00 134 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай бірыңғай Ашық есік күні ұйымдастырылды. Өскемендегі барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында өткен бұл шараға 300-ден астам адам қатысты. Келушілердің басым бөлігі ШҚО Онкология және хирургия орталығында тексеруден өтті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

Қабылдау сенбі күні орталықтың екі қабатында қатар жүргізілді. Азаматтар уролог, маммолог, хирург, гинеколог, ЛОР дәрігері және басқа да мамандардан жолдамасыз әрі сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін кеңес алды. Науқастарға қажетті зерттеулер жүргізіліп, кейбір пациенттерден қатерлі ісікке күдік анықталды.

 

Ашық есік күні аясында алғаш рет Онкология мектебі өткізіліп, қатысушыларға онкологиялық аурулардың алдын алу жолдары, қауіпті белгілерді ерте анықтау және скринингтен уақытылы өту туралы кеңестер берілді. Дәрігерлерден маңызды ақпарат алған азаматтар алғыстарын білдіріп, ұсыныстарды орындауға уәде етті. Бұл бастама енді тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу