ШҚО-да полицейлер 2024 жылы жол ережелерін бұзбаған жүргізушілерді марапаттады
![](/kz/uploads/posts/2025-02/1739190151_2.webp)
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын мүлдем бұзбаған жүргізушілерді марапаттау науқанын өткізді, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Заңнаманы сақтаған автокөлік иелеріне алғысхаттар мен естелік сыйлықтар, соның ішінде балаларға арналған автокреслолар табысталды. ШҚО Полиция департаменті осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатынын, сонымен қатар бұл іс-шаралар жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға және жол қауіпсіздігін күшейтуге оң әсер ететінін атап өтті.
Марапатталған жүргізушілер бұл күтпеген сыйлыққа риза болғандарын айтып, жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын сақтауға шақырды. Себебі жол ережелерін сақтау – тәртіп пен өмір қауіпсіздігінің кепілі.
Фото: ШҚО ПД