KZ
Өскемен
-25°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

Қазақстан хоккей құрамасының финалдағы қарсыласы анықталды

11.02.2025, 16:00 643 Төлеуғазы Жансая

Бұрынғы мемлекеттік жаттықтырушы Сергей Шавернев Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы матч туралы пікір білдірді. Кездесу 2:1 есебімен Қазақстанның жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

— Қазақстан құрамасының бұған дейінгі Азия чемпионатында Оңтүстік Кореядан жеңілуі кездейсоқ болмағанын көрсетті. Қазір бұл команда Азиядағы басты бәсекелестердің біріне айналды және тұрақты нәтиже көрсетуде. Азиада-2025 финалында алтын медаль үшін дәл осы екі команда таласады деп ойлаймын, — деді маман.

Топтық кезең қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 15 ұпаймен көш бастады, ал Оңтүстік Корея 11 ұпаймен екінші орынға тұрақтады.

Фото: ҚФХ баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу