KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
499.76 521.7 5.63

Өскеменде студенттерге жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары үйретілді  

18.02.2025, 14:30 253 Төлеуғазы Жансая

Өскемен жоғары медициналық колледжінде Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (ШҚО ТЖД) құтқарушылары сейсмикалық оқу-жаттығу ұйымдастырды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.  

Жаттығу барысында ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары студенттерге жер сілкінісі кезінде жиі жіберілетін қателіктерді түсіндіріп, жер асты дүмпулеріне дейін, дүмпу кезінде және одан кейін қандай әрекеттер жасау керектігін айтып берді.  

Практикалық бөлімде колледж ғимаратында дабыл қағылып, студенттер қауіпсіз орындарға жасырынып, кейін ғимараттан эвакуацияланды.  

– Сейсмикалық жаттығулар студенттерге төтенше жағдай кезінде үрейге бой алдырмай, әрекеттерін автоматтандыруға көмектеседі. Сондай-ақ, осындай шаралар барысында жер сілкінісі кезіндегі негізгі қателіктер талданып, олардың алдын алу жолдары түсіндіріледі, – деп атап өтті ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев.  

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу