KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 3,3 м/с, С
506.21 568.42 6.3

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі күшейді

pixabay.com

23.02.2025, 11:00 645 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 21-24 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы "Қазселденқорғау" мекемесінің өңірлік филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты көшкіннің өздігінен жүру қаупі жоғары.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға осы күндері тауға сапар шегуден бас тартуға кеңес береді. Көшкін қаупі жоғары аймақтар автомобиль жолдарына да қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қауіпті учаскелерден өткен кезде тоқтамай, мүмкіндігінше тезірек аймақтан кету қажет. Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда, 112 бірыңғай нөміріне хабарласуға болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу