KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
502.57 591.68 6.42

Елімізде 5 облыста жаңа орман бақтары салынады  

Фото: pexels.com

26.02.2025, 15:00 796 Гульжан Мусина

Қазақстанда орман қорын молайту мақсатында көшет өсірумен айналысатын алты жаңа орман бағы салынбақ. Бұл тәлімбақтар Ақмола, Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Алматы (2 тәлімбақ) облыстарында орналасады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі  informburo.kz порталына сілтеме жасап.  

Олжас Бектеновтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 3 178 гектар жерді қамтитын 251 орман питомнигі бар. Алайда, олардың қуаты елдің көшет материалдарына деген сұранысын толықтай қанағаттандыра алмайды.  

- Жеке орман питомниктері негізінен биіктігі 1 метрден асатын көшет материалдарын өсіреді. Ал орман қоры аумағына ағаш отырғызу үшін стандартты бір және екі жылдық, биіктігі 15-20 см болатын көшеттер қажет, – деді Үкімет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу