KZ
Өскемен
-11°
туман жел 1 м/с, СБ
499.22 519.14 5.64

Өскеменде Азаматтық қорғаныс күніне орай техника көрмесі өтті (видео)

Бүгін, 10:00 71 Серік Құсанбаев

1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні. Осыған орай 28 наурызда Өскемен қаласында арнайы техника көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД құтқарушылары облыс тұрғындары, студенттер мен мектеп оқушыларына төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын заманауи жабдықтар мен арнайы техниканы таныстырды.

 

Көрмеге келушілер жаңа өрт сөндіру көліктерін, «Toyota Hilux» жедел автокөліктерін, иінді лифттерді, жоғары тиімді дрондарды, жылжымалы госпитальді, жауынгерлік жабдықтарды, құтқарушы иттерді және басқа да техникаларды өз көздерімен көріп, оларды қолмен ұстап, тіпті арнайы көліктерге отырып көруге мүмкіндік алды.

ТЖ қызметкерлері жиналғандарға мұзда, тасқын мен сел кезінде, өрт немесе жер сілкінісі жағдайында сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізсе, кинологиялық қызмет өкілдері іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысатын лабрадор иттерін таныстырды. Сонымен қатар, екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері арнайы құтқару жабдықтарының қалай қолданылатынын көрсетті.

 

Көрмеге Өскемен қаласы әкімінің орынбасары И.Ф. Смит және мектептердің әскери дайындық пәні мұғалімдері қатысты.

– Жыл сайын ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері орта есеппен 3800-ден астам шақыртуға шығады. 2024 жылы 740-қа жуық өрт сөндіріліп, төтенше жағдай аймағынан 300-ге жуық адам құтқарылды, 1118 азамат эвакуацияланды, – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

  

Фото: Данияр Сагидолдин

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу