KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
499.04 544.45 5.96

Қазақстандықтар бөтен ЭЦҚ-ны пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады

Фото: pexels.com

Кеше, 16:00 79 Гульжан Мусина

2025 жылғы 13 наурыздан бастап жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерді қорғау және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) салаларындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі  ҚР Цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Негізгі өзгерістер:

Құқық бұзушылық жасағаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі 2 айдан 1 жылға дейін ұзартылды.
Дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу және оларды қорғау шараларын сақтамау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабы бойынша айыппұл мөлшері үш есе артты. Бұрын айыппұл 10-нан 1000 АЕК-ке дейін болса, енді 30-дан 2000 АЕК-ке дейін өседі.

ҚР ӘҚБтК-нің 640-бабына сәйкес, енді басқа адамның ЭЦҚ кілтін заңсыз пайдаланған тұлғалар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бұған дейін әкімшілік жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз бергендерге және оны қорғау шараларын сақтамағандарға ғана қолданылатын. Енді заңсыз беруші де, пайдаланушы да жауапқа тартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу